Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Энтони Джошуа жол апатынан кейін бокспен қош айтысты

07.01.2026, 18:43

Ол Нигерияда жол-көлік апатына ұшырап, екі адам қайтыс болған

Энтони Джошуа жол апатынан кейін бокспен қош айтысты
Getty images

Кәсіпқой бокстан әлемнің экс-чемпионы Энтони Джошуаның нағашы ағасы Адедамола Джошуа спортшының мансабын аяқтағанын хабарлады.

Нигериялық Punch басылымының жазуынша, туыстары Джошуа үшін үнемі уайымдайтын болған.

«Бұл жерде Джошуа боксшы ретіндегі мансабын тәмамдады. Біз бұған қуаныштымыз . Өйткені ол әр жолы рингке шыққанда қатты уайымдайтынбыз. Оны нокдаунға жіберген сайын жанымыз кеудемізден шығып кетердей болатын. Оның жекпе-жектері біз үшін де үлкен эмоциялық соққы еді. Ал енді ол қошеметін ең жоғары деңгейде алып, мансабын аяқтағанын жариялаған соң, біз шын мәнінде бақыттымыз», - деді нағашысы Адедамола Джошуа.

Бұған дейін Энтони Джошуа Нигерияда жол-көлік апатына ұшырап, екі адам қайтыс болған еді. Боксшы апатқа тап болғанда оның достарымен бірге демалып жүргені мәлім болды. Спортшы Нигерияның Лагос-Ибадан тасжолында жол талғамайтын  Lexus маркалы жол талғамайтын көлікпен жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соғылып, ауыр жарақат алған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам