Абылайхан Жүсіпов пен Сабырхан Аққалықовқа ақшалай сыйақы берілді

Telegram WhatsApp

Боксшыларға 1,5 млн және 1 млн теңге көлемінде қаржы берілді

Қарағанды әкімдігі
Қарағанды әкімдігі

Қарағандылық боксшыларға ІВА өткізген әлем чемпионатындағы жетістігі үшін өңір әкімі ақшалай сыйақы табыстады.

Желтоқсан айының басында Абылайхан Жүсіпов пен Сабыржан Аққалықов Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсеткен еді. 71 келіде сынға түскен Абылайхан Жүсіппов IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанса, Сабыржан Аққалықов 75 келіде күміс жүлдеге ие болды.

Бұл ретте боксшыларға 1,5 млн және 1 млн теңге көлемінде қаржы беріліп отыр. Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатының өте жоғары деңгейде өткенін атап, жарысқа әлемнің ең мықты боксшылары қатысқанын атады.

«Жалпы, бәрі жоспарланғандай өтті. Әлем чемпионатына дайындық та, жекпе-жектер де. Әрине, қиындықтар болды. Бұған дейін үш әлем чемпионатында жартылай финалда тоқтап, үш рет қола жүлде алғанмын, сондықтан қобалжу болды. Бірақ осы жылдарда жинаған тәжірибе көп көмектесті.  Бір маңызды жайтты атап өткім келеді. 2007 жылы қарағандылық Серік Сәпиев екінші рет әлем чемпионы атанды. Дәл сол жылы мен Абай қаласында бокспен айналыса бастадым. Араға 18 жыл салып, алтын медаль әкелу бұйырды. Бұл мен үшін тарихи сәт. Бұл - балалық арманым еді. Алдымен жасөспірімдер арасында, кейін жастар арасында әлем чемпионы болдым, енді ересектер арасында да осы биікті бағындырдым»

деді Абылайхан Жүсіпов

Қазіргі уақытта боксшылар Шымкент қаласында оқу-жаттығу жиындарына аттанғаны белгілі болды. Естеріңізде болса, жақында әлем чемпион атанған Сәкен Бибосыновқа Түркістан облысының әкімдігі құны қымбат көлікті сыйға тартқан еді.

Айта кететін жайт, әлем чемпионы атанған боксшыға ІВА тарапы 300 мың АҚШ долларын берсе, күміс жүлдегерге 150 мың доллар табыстады. Сондай-ақ, аталған чемпионатта қола жүлдегерге 75 мың доллар берілетіні мәлім болды.

Пікірлер

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 53 690 Shorts “Арыс” жеңіліп бастағанда жанашыр болып жүргеннің бәрі жоқ болып кетті 132 Shorts Абу-Дабидегі қоңыраудан бірінші лигаға дейін: "Арыс" қалай өзін сақтап қалды? 119 Shorts “Арыс” Түркістан облысынан Шымкент қаласына көшеді 475 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 257 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 137 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 123 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 620 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 393 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 547 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 590 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 301
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›