Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Ұлттық құрама боксшылары 2026 жылы қандай халықаралық турнирлерге қатысады?

08.01.2026, 20:35

Былтыр құрама үш әлем чемпионатына қатысқан.

Ұлттық құрама боксшылары 2026 жылы қандай халықаралық турнирлерге қатысады?
ҚР ҰОК

2026 жылы Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары бірқатар ірі халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық боксшылардың қатысуымен өтетін ресми турнирлер күнтізбесі мынадай:

• 8-15 наурыз – Futures әлем кубогы (U19, Тайланд);

• 28 наурыз – 11 сәуір – ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты (Моңғолия);

• сәуір айы – World Boxing кубогының бірінші кезеңі (Бразилия);

• 1-16 мамыр – U15 және U17 жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаттары (Өзбекстан);

• маусым айы – World Boxing кубогының екінші кезеңі (Қытай);

• шілде-тамыз – U19 жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты;

• 3-16 шілде – U19 және U23 жас санаттарындағы Азия чемпионаттары (Индонезия);

• 19 қыркүйек – 4 қазан – Азия ойындары (Жапония);

• 31 қазан – 13 қараша – жастар арасындағы Олимпиада ойындары (Дакар);

• қараша-желтоқсан – World Boxing кубогының финалдық кезеңі (Өзбекстан);

• желтоқсан айы – жабық кешендегі Азия ойындары (Сауд Арабиясы).

Айта кетейік, 2025 жылы қазақстандық боксшылар үш әлем чемпионатына қатысты. Наурыз айында әйелдер құрамасы Сербияның Ниш қаласында өткен IBA әлем чемпионатында сынға түссе, қыркүйекте World Boxing ұйымы өткізген әлем біріншілігі Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтті. Ал желтоқсанда ерлер құрамасы Дубайда (БАӘ) ұйымдастырылған IBA әлем чемпионатында бақ сынады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам