Айқас 1 қарашада Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтеді
Мексикалық боксшы, екінші орта салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес пен жеңіліп көрмеген франциялық Кристиан Мбилли жекпе-жек алдында дәстүрлі көз арбасу рәсіміне қатысты.
Айқас 1 қарашада Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтеді.
Бұл кездесу Альварес үшін былтыр қыркүйекте америкалық Теренс Кроуфордтан жеңілгеннен кейінгі алғашқы жекпе-жек болмақ.
Ал Кристиан Мбилли соңғы рет 2025 жылғы 13 қыркүйекте Лас-Вегаста шаршы алаңға шықты. Ол гватемалалық Лестер Мартинеспен кездесіп, төрешілердің басым дауысымен тең түсті.