Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Белбеу немесе супер жекпе-жек»: Жәнібек Әлімханұлының алдында таңдау тұр

15.06.2024, 12:25

Менеджерлер келіссөз жүргізіп, ең оңтайлы таңдауды жасауы тиіс

«Белбеу немесе супер жекпе-жек»: Жәнібек Әлімханұлының алдында таңдау тұр
Instagram/janibek_alimkhanuly

Top Rank басшысы, промоутер Боб Арумның Жәнібек Әлімханұлына қатысты жоспары белгілі болды. Құпия ақпаратты журналист, talksport.com сайтының инсайдері Майкл Бенсон жариялаған.

Екі бірдей чемпиондық титулы бар қазақ боксшысының былтыр қазаннан бері рингке шықпағаны белгілі. Ол әлеуметтік желі арқылы көптеген боксшыны жекпе-жекке шақырғанымен, олардың ешбірі Жәнібекке нақты жауап бермеген.

Бенсонның айтуынша, Арум Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) мен Карлос Адамес (23-1, 18 КО) арасында жекпе-жек өткізуге келісім берген. Бұл сында бәске Жәнібектің WBO және IBF титулдары, сондай-ақ, Карлостың WBC чемпиондық белбеуі тігіледі.

Сонымен қатар, промомутер қазақ боксшысы мен британдық Хамза Шираз (21-0, 13 КО) арасында да супер жекпе-жек өткізуді мақұлдаған. Екеуі де бұрын-соңды кәсіпқой рингте жеңіліп көрмеген.

Еске салайық, Әлімханұлының бұған дейін Адамеспен де, Ширазбен де кездесу өткізуі мүмкін екені айтылған. Алайда, тараптар келіссөз жүргізе алмады. Нәтижесінде, «Қазақ стилі» биыл 14 шілдеде жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен жұдырықтасатын болды. Бәске Жәнібектің қос титулы тігіледі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам