Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Ангелина Лукас 8 жеңілісі бар венесуэлалық боксшымен жұдырықтасады

07.02.2025, 10:47

Қазақстандық боксшы қыз небәрі 9 күн ішінде екі жекпе-жек өткізбекші

Ангелина Лукас 8 жеңілісі бар венесуэлалық боксшымен жұдырықтасады
instagram.com/angelina_lukas1997/

Аса жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас (12-1, 6 КО) 8 ақпанда кезекті жекпе-жегін өткізетін болды. Бұл жолы ол Венесуэла елінің өкілі Джохана Зунигамен (18-8-1) жұдырықтасады.

Кәсіпқой бокс кеші Стамбұлда өтеді деп жоспарланған. Бұл – Ангелинаның биылдыққа екінші жекпе-жегі. 31 қаңтарда ол Мәскеудегі «IBA чемпиондар түні» турнирінде нигериялық Айисат Орийоми (9-1, 6 КО) есімді боксшыны техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Ал, күні кеше Лукасты оның байырғы қарсыласы Балауса Мұздыман жекпе-жекке шақырды. Әеусқой бокста бітіспес қарсылас болған қыздар енді кәсіпқой рингте кім мықтыны анықтауы мүмкін. 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам