
Бапкер Азия чемпионы атанғандар арасында жаңа есімдер бар екенін атап өтті
Коломбода (Шри-Ланка) жастар арасында өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 22 алтын медаль еншілеп, командалық есепте топ жарғаны белгілі.
Ал осы құрамды біріншілікке танымал боксшы Бақыт Сәрсекбаев дайындады. Олимпиада чемпионының айтуынша, ол сары құрлық чемпионатына ел біріншілігінде жүлдегер атанбағандар да барған.
«Біреулер Азия чемпионатына бірінші немесе екінші нөмірлі боксшыларды алып барды деп ойлайды, бірақ біз 6-8-нөмірлі боксшылармен бардық. Ал сары құрлық біріншілігіне барған елдердің көбісі негізгі құрамдарын апарыпты. Ал біздің құрамдағылар Қазақстан біріншілігінде 1/8 финалда ұтылып қалғандар ғой. Арасында шетелге мүлде шықпағандар болды. Сондықтан Азия чемпионы атанғандар арасында жаңа есімдер бар. Олар біраз тәжірибе жинады, ширады. Азия чемпионаты сол жастарымыз үшін өте жақсы емтихан болды», - деді Сәрсекбаев «Beren Live» YouTube- арнасына берген сұхбатында.