Америкалық кәсіпқой боксшы рингке шықпай тұрып белбеуінен айырылды

07.06.2025, 16:28

WBO ұйымы Кишон Дэвисті чемпиондық белбеуден айырды

Америкалық кәсіпқой боксшы рингке шықпай тұрып белбеуінен айырылды
IMAGO / ZUMA Press Wire

Америкалық кәсіпқой боксшы Кишон Дэвис жеңіл салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағынан ресми түрде айырылды. Бұл туралы Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) мәлімдеді.

Дэвис 8 маусымға қараған түні АҚШ-тың Норфолк қаласында өтетін бокс кешінде Доминикан Республикасының өкілі Эдвин Де Лос Сантосқа қарсы жекпе-жекке шығуы тиіс еді. Бұл кездесу турнирдің басты айқасы ретінде жоспарланған болатын.

Алайда салмақ өлшеу рәсімінде америкалық спортшы жеңіл салмақ лимитін (61,2 кг) сақтай алмай, белгіленген межеден екі келіге асып кеткен. Осыған байланысты WBO ұйымы Кишон Дэвисті чемпиондық белбеуден айырды, ал белбеу вакантты деп танылды.

Алғашқыда жекпе-жек тек Де Лос Сантос үшін титулдық айқас ретінде өтуі мүмкін еді. Алайда тараптар жаңа талаптар бойынша келісімге келе алмады. Нәтижесінде, жекпе-жек мүлде өтпейтін болды, ал WBO титулы иесіз қалды.

26 жастағы Кишон Дэвис кәсіпқой рингте 13 жеңіске жетіп, тағы бір жекпе-жегі жарамсыз деп танылған. Ол енді жоғары салмақ дәрежесіне ауысуды жоспарлап отыр. Ал оның қарсыласы, 25 жастағы Эдвин Де Лос Сантос, кәсіпқойлар арасында 16 рет жеңіске жетіп, 2 мәрте жеңілген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам