Махмұд Сабырхан Нидерландта алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды

Бүгін, 09:06

Төрешілер жеңісті украиналық Максим Зименкоға берді

Махмұд Сабырхан Нидерландта алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды
Видеодан кадр

Қазақстандық танымал боксшы, әлем чемпионы Махмұд Сабырхан Нидерландтың Эйндховен қаласында өтіп жатқан Eindhoven Box Cup халықаралық турниріндегі алғашқы жекпе-жегінде күтпеген жерден жеңіліп қалды.

Ширек финалдық кезеңде 55 келі салмақ дәрежесінде Сабырхан украиналық Максим Зименкомен кездесіп, тартысты өткен жекпе-жек нәтижесінде төрешілер шешімімен жеңісті қарсыласы еншіледі.

Бұл нәтиже — турнирдің басты сенсацияларының бірі. Себебі Махмұд Сабырхан — 2023 жылғы әлем чемпионы, 2021 жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, сондай-ақ 2022 және 2024 жылдары Азия чемпионатында тиісінше күміс және алтын медаль жеңіп алған тәжірибелі боксшы.

Ал қарсыласы Максим Зименко жартылай финалға өтіп, кем дегенде қола медаль иеленуі мүмкін. Осылайша, Махмуд Сабырхан үшін Эйндховендегі турнир мерзімінен бұрын аяқталып, ол бұл додада жүлдесіз қалды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам