Әзірге әлем чемпионатына жолдама алған 42 құрама белгілі
АҚШ-та футболдан 2026 жылы өтетін әлем чемпионатының топтық кезеңінің жеребесі тартылып, қатысушы елдер алғашқы қарсыластарын білді.
Алғаш рет 48 құрама қатысатын мөң бас турнир 11 маусым – 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Әзірге әлем чемпионатына жолдама алған 42 құрама белгілі, қалған 6 команда 2026 жылдың наурызындағы плей-офф кезеңінде анықталады.
Жеребе қорытындысы бойынша Өзбекстан құрамасы К тобына түсіп, Португалия, Колумбия және плей-офф жеңімпаздарының бірімен (Жаңа Каледония / Ямайка / ДР Конго) кездеседі. Бұл – Өзбекстан футбол тарихындағы маңызды сәттердің бірі.
Әлем чемпионатының ережесіне сәйкес, әр топтан алғашқы екі құрама және 12 топтың ішінде ең үздік көрсеткішке ие сегіз үшінші орын иесі 1/16 финалға шығады. Дүбірлі дода жалпы 39 күнге созылады.
A тобы: Мексика, Оңтүстік Африка, Оңтүстік Корея, UEFA-D
B тобы: Канада, Қатар, Швейцария, UEFA-A
C тобы: Бразилия, Марокко, Гаити, Шотландия
D тобы: АҚШ, Парагвай, Австралия, UEFA-C
E тобы: Германия, Кот-д’Ивуар, Эквадор, Кюрасао
F тобы: Нидерланд, Жапония, Тунис, UEFA-B
G тобы: Бельгия, Иран, Египет, Жаңа Зеландия
H тобы: Испания, Кабо-Верде, Сауд Арабиясы, Уругвай
I тобы: Франция, Сенегал, Норвегия, FIFA-2
J тобы: Аргентина, Алжир, Австрия, Иордания
K тобы: Португалия, Өзбекстан, Колумбия, FIFA-1
L тобы: Англия, Хорватия, Панама, Гана