Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

«Қайрат» әлемнің үздік клубтарының қатарына енді

16.12.2025, 16:09

Команда 90,75 ұпаймен 240-орынға жайғасты

«Қайрат» әлемнің үздік клубтарының қатарына енді
ФК "Қайрат"

Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) әлемнің үздік 500 футбол клубының жаңартылған рейтингін жариялады.

Аталған тізімге Қазақстаннан жалғыз клуб ретінде алматылық «Қайрат» енді. Команда 90,75 ұпаймен 240-орынға жайғасты.

Айта кетейік, биыл «Қайрат» өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде өнер көрсетіп жатыр. Алты турдан кейін Рафаэль Уразбахтин шәкірттері бір ұпай жинады.

Рейтингтің көшін франциялық ПСЖ бастап тұр — 585 ұпай. Екінші орында Испанияның «Реал» клубы (534 ұпай), ал үздік үштікті ағылшындық «Челси» (483 ұпай) түйіндеді. Сондай-ақ алғашқы бестікке Италияның «Интері» (453 ұпай) мен Германияның «Бавариясы» (437 ұпай) кірді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам