Екінші орында – «Тобыл» шабуылшысы Урош Милованович
«Ордабасы» шабуылшысы Бьорн Йонсен Қазақстан Премьер-лигасының 28-туры аясында «Қайсарға» қарсы матчта үш гол соқты. Шымкенттік клуб бұл ойында 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, норвегиялық футболшының биылғы маусымда соққан голдарының саны 14-ке жетті. Ол ҚПЛ-дің үздік сұрмергендері тізімінде көш бастап тұр.
Екінші орында – «Тобыл» шабуылшысы Урош Милованович. Оның еншісінде 11 гол бар. Ал «Астана» ойыншысы Марин Томасов пен «Елімай» шабуылшысы Роман Мұртазаев 10 голдан соққан.
Командалық есепте «Ордабасы» 64 ұпаймен көш бастап келеді. 60 ұпай жинаған «Қайрат» екінші орында тұр. Ал «Астана» 48 ұпаймен үздік үштікті түйіндейді.