Дастан Сәтпаевтың клубына жаңа бапкер келді

Фабио Челестини «Бёрнли» клубының бас бапкері атанды

Global Look Press
Global Look Press

Швейцариялық маман Фабио Челестини Англияның Чемпионшипінде өнер көрсететін «Бёрнли» клубының бас бапкері атанды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

«Фабио командаға жігер, тәжірибе мен білім әкеледі. Біз дәл осындай маманды іздедік. Ол «Бёрнлиде» жұмыс істеуге деген зор ықыласы мен табандылығын көрсетті. Бізге клубтың дамуына шын ниетімен үлес қосқысы келетін адамдар қажет. Фабио – соның жарқын үлгісі», – деді клубтың спорт директоры Диего Лопес.

Челестини өткен маусымның соңына дейін Мәскеудің ЦСКА клубын жаттықтырды. Оның жетекшілігімен команда Ресей Суперкубогын жеңіп алған.

Айта кетейік, бұған дейін «Бёрнли» бас бапкер Ники Хайенді қызметінен босатқан еді. Қазір клуб сапында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев өнер көрсетеді.

Чемпионшиптің 12 турында сегіз ұпай жинаған «Бёрнли» турнир кестесінде 22-орында тұр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам