Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Қайрат Нұрдәулетов «Қайраттың» бас бапкері атануы мүмкін

25.05.2025, 12:44

Кеше «Қайрат» қатарынан үшінші рет жеңіліс тапты

Қайрат Нұрдәулетов «Қайраттың» бас бапкері атануы мүмкін
ҚФФ

42 жастағы қазақстандық маман Қайрат Нұрдәулетов алматылық «Қайрат» футбол клубының бас бапкері атануы мүмкін. Бұл туралы KazFootball.kz жазды.

Кеше «Қайрат» қатарынан үшінші рет жеңіліс тапты. Команда Қазақстан кубогынан шығып қалды, сондай-ақ «Елімай» (0:1) мен «Оқжетпестен» (1:2) жеңілді. Сондықтан клуб басшылығы Рафаэль Уразбахтиннің орнына Қайрат Нұрдәулетовті қарастырып жатыр.

Айта кетейік, Қайрат Нұрдәулетов — алматылық футбол мектебінің түлегі, өзі де кезінде «Қайрат» сапында ойнап, командамен бірге Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанған.

Бапкерлік мансабын ол Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабында бастаған. Кейін футбол федерациясында құрамалар департаментінің директоры болып жұмыс істеді, Қазақстан жастар құрамасы (U-21), сондай-ақ «Мақтаарал», «Жетісу» және «Ертіс» командаларына басшылық еткен.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам