Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

UFC-дің атақты файтері Нұрқожа Қайпановтың болашағы туралы айтты

26.05.2025, 09:34

Генри Сехудо - UFC-де екі салмақта әлем чемпионы атанған спортшы

UFC-дің атақты файтері Нұрқожа Қайпановтың болашағы туралы айтты
instagram.com/henry_cejudo

Еркін күрестен Олимпиада ойындарының жеңімпазы, UFC лигасында әлемнің экс-чемпионы Генри Сехудо қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпановтың болашағына қатысты болжам айтты. Бұл туралы спортшы белгілі спорт журналисі Наима Нұрәлимен әңгіме барысында атап өтті.

Танымал файтер әлем чемпионы атанған қазақстандық балуан туралы Олимпиадада мүмкіндігі мол екеніне тоқталып өтті.

«Ол болашақ Олимпиада чемпионы. 70 келіде дайын әрі өте мықты балуан», - деді Генри Сехудо.

Генри Сехудо UFC-де екі салмақта әлем чемпионы атанған спортшы. Ол 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында 55 келіде чемпион атанған спортшы.

Бүгінде кәсіби спорттағы мансабын аяқтаған спортшы әлеуметтік желідегі парақшасын белсенді түрде жүргізіп келеді. Ол еркін күрес балуандарының ерекше әдістеріне шолу жасап, бозкілемде қалай жасалатынын көпшілікке көрсетіп жүр. Генри бұған дейін Нұрқожа Қайпановтың әлем чемпионатындағы әдісін талдаған болатын.

Естеріңізде болса, қазақстандық Нұрқожа Қайпанов 2024 жылдың қазан айының соңында Албания астанасы Тирана қаласында өткен әлем чемпионатында 70 келіде чемпион атанған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам