«Ордабасы» ойыншысы ҚПЛ төрешісін матчтарға жолатпауды талап етті

31.05.2025, 10:42

Маусым басталғалы бері төрешілердің жұмысына шағымдануылар қатары көбейгенімен, ҚФФ ешқандай шара қолданбай отыр

«Ордабасы» ойыншысы ҚПЛ төрешісін матчтарға жолатпауды талап етті
Жеңіс ФК

Қазақстан құрамасы мен шымкенттік «Орлабасының» қорғаугысы Сергей Малый ҚПЛ-дің 11-турында жұмыс істеген арбитр Санжар Ысқақовты бұдан былай төрешілікке жолатпауды сұрады. Оның айтуынша, аталған маман «Жеңіспен» болған матчта шымкенттік командаға қиянат жасаған.

Еске салайық, сырт алаңда «Жеңіспен» кездескен «Ордабасы» 2:2 есебімен тең тарқасқан болатын. Төреші ойыннан шымкенттіктердің бір ойыншысын қуып, екі голын есепке алмай қойды.

«Матчтарға төрешіні кім тағайындайтынын білмеймін, бірақ бұл адамды келесіде бізге арбитр етіп те, VAR төрешісі етіп те тағайындамаңыздар. Әйтпесе келесі жолы үлкен дау туады», - деп жазды Малый әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, ҚПЛ-дің биылғы маусымы басталғалы төрешілерге қатысты өте көп дау туындап жатыр. Мәселен, «Жетісу» бас бапкері Самат Смақов, «Қайсар» бас бапкері Виктор Кумыков арбитрлердің былығын ашып айтты. Соған қарамастан QFL тарапынан да, ҚФФ тарапынан да төрешілерге қатысты ешқандай шара қолданылмаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 16
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам