«Қайраттың» бас бапкері ақтөбелік жанкүйерлерді балағаттады

31.05.2025, 14:56

Енді ол кемінде бір ойынға шеттетілуі мүмкін

«Қайраттың» бас бапкері ақтөбелік жанкүйерлерді балағаттады
«Қайрат» ФК

«Қайраттың» бапкері Рафаэль Оразбахтин «Ақтөбемен» өткен матчта (2:1) эмоцияға ерік беріп, жанкүйерлерге балағат сөз айтты.

Қазақстан Премьер-лигасының 11-турындағы ойын барысында екінші таймның ортасында Оразбахтин бас төреші Александр Затуланың шешіміне наразылық танытып, қызыл қағаз алды. Ойыннан шеттетілген бапкер «Ақтөбе» жанкүйерлеріне де балағат сөздер айтып үлгерді.

«Спорт Шрёдингера» Telegram арнасы маманды қандай жаза күтіп тұрғанын алға тартты.

«Ақтөбе» - «Қайрат» матчынан кейінгі жағдай әлі де басылмай тұр. Желіде «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Оразбахтиннің «Ақтөбе» жанкүйерлеріне балағат сөз айтқан сәті түсірілген видео пайда болды.

Ойынның екінші таймында Оразбахтин алаңнан қуылды. Енді ол кемінде бір ойынға шеттетілуі мүмкін.

Матчтан кейін қос команданың арасында жанжал болды.

«Ақтөбе» шабуылшысы Идрис Умаев «Қайрат» қақпашысы Дан Глейзер оның ата-анасын балағаттады деп мәлімдеді», - деп жазады дереккөз.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам