
Рафаэль Уразбахтин жанкүйерлерден кешірім сұрады
Қазақстан Премьер-лигасының 11-турындағы ойында «Ақтөбе» жанкүйерлерін балағаттаған «Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин кешірім сұрады. Ол мұндай қадамға неліктен барғанын түсіндірді.
«Ойын бойы «Ақтөбе» ФК жанкүйерлері трибунадан командамыздың бапкерлер штабы мен ойыншыларына бірнеше рет балағат сөз айтып, біз жаққа бөгде зат лақтырды.
Жағдай ушығып, шиеленісті сәтте шамадан тыс эмоцияға беріліп, бейәдеп сөз айтып қойдым. Бұл әрекетім үшін шын жүректен өкінемін. Сөзіммен ренжітіп алған жандардан кешірім сұраймын», - деді алматылық ұжымның бас бапкері.