ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Тағы бір өзбек футболшысы «Истанбул Башакшехирге» ауысады

16.07.2025, 12:41

Түрік клубы 10 млн еуро ұсынбақ

Тағы бір өзбек футболшысы «Истанбул Башакшехирге» ауысады
ЦСКА

Өзбекстандық БАҚ жартылай қорғаушы Аббосбек Файзуллаевтың «Истанбул Башакшехир» клубына ауысуы мүмкін екенін жарыса жазуда. Естеріңізде болса, бұған дейін аталған клубтың қатарын Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Элдор Шомуродов толықтырған еді.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, «Истанбул Башакшехир» Файзуллаев үшін ресейлік ЦСКА клубына 7,5 миллион еуро ұсынбақ. Сонымен қатар түрік тарапы бонустар да қарастырып қойған, нәтижесінде трансфер сомасы жалпы 10 миллион еуроға дейін жетуі мүмкін.

Түркиялық клуб бүкіл соманы бір реттік төлеммен аударуға дайын. ЦСКА да Файзуллаевты сатуға мүдделі, себебі ол клубқа 2023 жылы Ташкенттің «Пахтакор» командасынан небәрі 500 мың еуроға келген болатын.

Айта кету керек, Аббосбек Файзуллаевтың ЦСКА-мен келісімшарты 2026 жылдың жазына дейін жарамды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам