30 жастағы форвард павлодарлық жанкүйерлерге жақсы таныс
«Ертіс» футбол клубы қазақстандық шабуылшы Еркебұлан Тұңғышбаевпен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде мәлімдеді.
30 жастағы форвард павлодарлық жанкүйерлерге жақсы таныс. Ол 2022 жылғы маусымда «Ақсу» клубының сапында 28 матч өткізіп, 8 гол соғып, жергілікті жанкүйерлердің сүйіктісіне айналған болатын.
Еркебұлан Тұңғышбаев – шымкенттік футболдың түлегі. Кәсіби мансабын «Ордабасы» командасында бастаған. Шымкенттік клуб құрамында ол 2017 жылы Қазақстан Премьер-Лигасының қола жүлдегері, 2023 жылы ел кубогының финалисі және сол жылы Премьер-Лига чемпионы атанды.
Бұған дейін жартылай қорғаушы Еркебұлан Тұңғышбаев Шымкенттің «Ордабасы» клубы тарихындағы Премьер-лигадағы ең көп матч өткізген футболшы болып тіркелді. Оның еншісінде 248 матч және 35 гол бар.
Сонымен қатар, 2019 жылдан бастап екі маусым бойы алматылық «Қайрат» клубында ойнап, Премьер-Лига чемпионы (2020) және вице-чемпионы (2019) атанды.
Жалпы Еркебұлан Премьер-Лигада 261 матч өткізіп, 39 гол соққан. Сондай-ақ, Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 12 ойынға қатысып, 1 голмен көзге түсті.