ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

FIFA 2026: билеттерді қашан және қалай сатып алуға болады?

16.07.2025, 18:23

2026 жылғы әлем чемпионаты бұрын-соңды болмаған ең үлкен турнир болмақ

FIFA 2026: билеттерді қашан және қалай сатып алуға болады?
idman.biz

Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) 2026 жылы өтетін футболдан әлем чемпионатына билеттерді сату бағдарламасы 2025 жылдың 10 қыркүйегінде басталатынын жариялады. Дәл осы күні билеттерді ұтыс ойынына қатысуға өтінім берудің алғашқы кезеңі ашылады.

Билеттер сатылымы бірнеше кезең бойынша жүзеге асады. 2025 жылдың 10 қыркүйегінен бастап, 2026 жылдың 19 шілдесінде Нью-Йоркте өтетін финалдық матчқа дейін созылады. Әр кезеңде билеттерді сатып алу тәртібі, төлем әдістері мен шарттары әртүрлі болуы мүмкін. FIFA бұлардың бәрін алдын ала хабарлап отырады, сондықтан алдағы айларда нақты ақпараттар жарияланады.

Футбол жанкүйерлеріне FIFA сайтында тіркеліп, жеке ID ашып қоюға кеңес беріледі. Сол арқылы олар сату кезеңдері, өтінім беру мерзімдері және басқа да маңызды жаңалықтар туралы уақтылы хабарламалар алып отырады.

«Бұл – тарихтағы ең ауқымды спорттық оқиға болғалы тұр. Біз бүкіл әлемнің жанкүйерлерін өз орындарын алып, осы тарихтың бір бөлігі болуға шақырамыз», - деді FIFA президенті Джанни Инфантино.

Айта кету керек, 2026 жылғы әлем чемпионаты бұрын-соңды болмаған ең үлкен турнир болмақ. Оған 48 құрама қатысып, Канада, Мексика және АҚШ-тағы стадиондарда 104 матч өткізеді. Турнирді шамамен 6,5 миллион жанкүйердің трибуналардан тамашалауы күтіліп отыр.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам