Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

УЕФА қатерлі ісікті екі рет жеңген футболшыны жарыстардан шеттетті

09.09.2025, 09:36

Альварестің сынамасынан тыйым салынған зат табылған

УЕФА қатерлі ісікті екі рет жеңген футболшыны жарыстардан шеттетті
әлеуметтік желі

«Атлетик» (Бильбао) клубының 30 жастағы қорғаушысы Йерай Альварес допинг ережесін бұзғаны үшін 10 айға футболдан шеттетілді. Тыйым салынған зат оның химиотерапиядан кейінгі асқынуларға байланысты қолданған шаш түсуге қарсы дәрісінен табылған.

Альварестің сынамасынан тыйым салынған зат табылғаны алғаш рет шілде айында белгілі болды. Футболшының өзі бұл жағдайды көпшілікке жария етіп:

«Бұл хабарды естігенде қатты соққы болды. Өмірімде ешқашан тыйым салынған препарат қолданған емеспін. Алайда зерттей келе, бәрі шаш түсуге қарсы ем-дом кезінде қолданған дәріден болғанын анықтадық», – деді.

«Атлетик» клубы бұл жағдайда қорғаушыға толық қолдау білдіретінін жеткізді.

УЕФА тергеу жұмыстарын екі айға жуық жүргізді. 9 қыркүйекте ресми шешім қабылданып, Альварес 10 айға дисквалификацияланды. Ұйым оның қасақана заң бұзбағанын мойындағанымен, футболшы қолданатын кез келген препараттың заңдылығына өзі көз жеткізуі тиіс екенін атап өтті.

Альварес кінәсін толық мойындағандықтан, дисквалификация мерзімі 2025 жылдың 2 маусымынан бастап есептеледі. Осылайша ол 2026 жылдың ақпанында жаттығуларға қайта қосылып, сәуір айының басында ресми ойындарға орала алады. Қазіргі таңда қорғаушыны бұрынғы әріптесі Икер Муньяин жаттықтыратын әуесқой «Дерио» клубында бабын сақтап жүр.

Йерай Альварестің допинг оқиғасы оның өміріндегі ең ауыр сынақ емес. Ол екі рет қатерлі ісікке шалдыққанымен, екеуін де жеңіп шыққан.

Алғаш рет 2016 жылдың желтоқсанында, небәрі 21 жасында оған аталық бездің қатерлі ісігі диагнозы қойылды. Жас футболшы отадан кейін бар-жоғы екі айда жасыл алаңға қайта оралып, «Барселонаға» қарсы толық матч өткізді. Бір маусымда 30 ойын өткізіп, Бильбао жанкүйерлерінің сүйіктісіне айналды.

Алайда 2017 жылдың маусымында дерт қайта асқынып, Альварес химиотерапиядан өтті. Ол әлеуметтік желіде: «Алаңда да, өмірде де бұл матчты жеңемін» деп жазды. Шашы түсіп қалған кезде де ол жалғыз болмады – командадағы барлық әріптестері қолдау білдіру үшін бастарын тақырлап алып тастады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам