Матч алдындағы баспасөз мәслихатында Гвардиола Хусановтың әзірге алаңға шыға алмайтынын растады
АПЛ-ның тоғызыншы турындағы «Астон Вилла» мен «Манчестер Сити» арасындағы ойын алдында «қалалықтардың» бас бапкері Пеп Гвардиола қыркүйек айында жарақат алған өзбек қорғаушысы Абдукодир Хусановтың жағдайына тоқталды.
Матч алдындағы баспасөз мәслихатында Гвардиола Хусановтың әзірге алаңға шыға алмайтынын растады.
«Ол жақын арада жарақатынан толық айығады, бірақ асығудың қажеті жоқ. Себебі жарақат алған жері өте қауіпті аймақ», - деді Гвардиола BBC Sport-қа берген сұхбатында.
Еске салайық, Хусанов маусымның бесінші турында «Арсеналға» (1:1) қарсы өткен ойында жарақат алып, содан бері алаңға шыққан жоқ. Сол себепті ол Өзбекстан құрамасының қазан айындағы оқу-жаттығу жиынына да қатыса алмады.
Клуб мәліметінше, қорғаушы қазір жеке дайындықты бастап кеткен және қараша айының басында команда сапына оралуы мүмкін.