Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

Отандық футболшылар ойнаған чемпионатта төрешілер матчқа бәс тіккен

29.10.2025, 09:53

571 төрешінің 371-інің букмекерлік компанияларда аккаунттары бар болып шықты

Отандық футболшылар ойнаған чемпионатта төрешілер матчқа бәс тіккен
kushvsporte.ru

Түркияда ел біріншілігінің ережелерін бұзу дерегі анықталды. Чемпионатқа тіркелген 571 төрешінің 371-інің букмекерлік компанияларда аккаунттары бар болып шықты. Ал олардың 152-сі матчтарға белсенді түрде бәс тіккен.

Тергеу барысында бұл заңсыз әрекеттерге 7 элиталық төреші, 15 элиталық төрешінің көмекшісі, 36 ұлттық дәрежедегі төреші және олардың 94 көмекшісі қатысқаны белгілі болды. Тіпті бір төреші 18 300 рет бәс тіккені анықталған.

Қазір бұл іске қатысты тергеу жалғасып жатыр. Түркияның футбол билігі әділ тергеуді қамтамасыз ету үшін УЕФА мен ФИФА өкілдерін шақырды.
Айта кетейік, бұған дейін Бахтиер Зайнутдинов пен Абат Айымбетов Түркия чемпионатында ойнаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам