2034 жылғы футболдан әлем чемпионатының матчтарын қабылдай алады
Сауд Арабиясы әлем чемпионатын 350 метр биіктікте орналасқан стадионда өткізбек. Бұл туралы Paris Match журналы жазды.
NEOM Sky Stadium деп аталатын ерекше спорттық нысан жер бетінен 350 метр биіктікте орналасады және 2034 жылғы футболдан әлем чемпионатының матчтарын қабылдай алады.
Ал стадионның сыйымдылығы 46 мың көрерменге есептелсе, құрылыс жұмыстары 2027 жылы басталып, 2032 жылы аяқталмақ. Бір қызығы, аталған стадион күн және жел энергиясымен ғана жұмыс істейді.
FIFA-ның ресми рұқсатын алған жоба экологиялық таза әрі ерекше дизайнға ие. Дегенмен биіктікте орналасуына байланысты инженерлік қиындықтар туындап жатқан көрінеді. Бүгінгі таңда мамандар осы мәселені шешу жолдарын қарастырып жатыр.
Бұған дейін ФИФА 2034 жылғы әлем чемпионатын 2035 жылдың қаңтарына шегеруі мүмкін екені хабарланған еді. Бұған 2034 жылдың қараша-желтоқсан айларында өтетін қасиетті Рамазан айы себеп болып отыр.
Айта кетсек, әлем чемпионатын жазда өткізу мүмкін емес, өйткені бұл маусымда Сауд Арабиясындағы ауа температурасы +50 градусқа дейін жетеді.