Канадалық қорғаушы Тайлер Уозерспунмен келісімшартқа қол қойды
Астананың «Барыс» хоккей клубы Канаданың ұлттық құрамасында ойнаған тәжірибелі қорғаушы Тайлер Уозерспунмен келісімге келді.
Жаңа келісім бір маусымға есептеліп, 2026 жылдың 31 мамырына дейін күшінде болады.
Уозерспун кәсіби мансабында Америкалық хоккей лигасында (АХЛ) 700-ден астам ойын өткізген. Сонымен қатар оның еншісінде Ұлттық хоккей лигасында (НХЛ) 36 матч бар. 2022 жылы Тайлер Канада құрамасының сапында Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан. Өткен маусымда ол «Монреаль Канадиенс» клубының фарм-командасы – «Лаваль Рокетте» өнер көрсетіп, 79 кездесуде (оның ішінде плей-оффтағы 7 ойын) 2 шайба соғып, 16 нәтижелі пас берген.
Айта кетейік, Астанада Құрлықтық хоккей лигасының кезекті ойыны өтті. «Барыс» өз айдынында Қазанның «Ак Барс» командасын қабылдады.
Кездесудің алғашқы секунды-ақ «Барыс» үшін сәтсіз басталды: небәрі 14-секундта Владимир Алистров ресейлік клубқа алғашқы шайбаны соқты.
Үшінші кезеңнің басында Никита Дыняк есепті 0:2-ге жеткізді. Араға бір минут сала Майк Веккионе таразы басын теңестіруге мүмкіндік берді (1:2). Алайда «Барыс» қалған уақытты пайдалана алмай, жеңіліп қалды.
«Барыс» маусымды сәтті бастаған еді: Астанада өткен алғашқы төрт матчтың үшеуінде жеңіске жеткен. Бірақ кейінгі төрт ойында қатарынан жеңіліске ұшырап отыр.