Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

MMA-ға өткен қазақ актері өзбек файтерінен оңбай жеңілгенімен, төрешілер нәтижені тіркемеді

30.11.2025, 21:08

Төрешілер екеуін де жарыстан аластатты

MMA-ға өткен қазақ актері өзбек файтерінен оңбай жеңілгенімен, төрешілер нәтижені тіркемеді
Octagon

Аралас жекпе-жекте дебютін өткізген қазақстандық актер Нұрдәулет Төлепберген өзбек файтері Жасурбек Жураевтан (2-1) оңбай таяқ жеді. Алайда, төрешілер қос спортшыны да жарыстан қуып, нәтижені есепке алмады.

Айта кетейік, Алматыда MMA спортынан Octagon 82 турнирі өтті. Жартылай жеңіл салмақта клеткаға шыққан Нұрдәулет Төлепберген өзбек қарсыласынан техникалық нокаутпен жеңілген. Ол Жураевтың жойқын соққыларына төтеп бере алмады.

Алайда, жекпе-жек аяқталғаннан кейін төрешілер қос файтердің де әрекеті спорттық этикаға сай келмейді деп, екеуіне де дисквалификация берді. Яғни, нәтиже тіркелген жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам