Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Ұзақ үзілістен кейін оралған Арман Әшімов қарсыласын нокаутқа түсірді

11.04.2026, 22:51

Бұл жеңіс Арман Әшімов үшін сәтті камбэк болып, жанкүйерлерін қуантты.

Ұзақ үзілістен кейін оралған Арман Әшімов қарсыласын нокаутқа түсірді
©М-1 Global

Қазақстандық ММА шебері Арман Әшімов Алматыда өткен IBA Nomad 14 турнирінде әсерлі жеңіске жетті.

Отандасымыз октагонда тәжікстандық Дильшод Норкузиевпен кездесті. Жекпе-жек жеңіл салмақта өтіп, үш раундқа жоспарланған болатын.

Алайда айқас ұзаққа созылған жоқ. Әшімов бірінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіріп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша, Арман Әшімов Nomad FC лигасындағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Ал Норкузиев бұл промоушендегі екінші жеңілісіне ұшырады.

Айта кетейік, Әшімовтің бұған дейінгі жекпе-жегі 2024 жылдың 23 наурызында Rizin Fighting Federation аясында өткен болатын. Сол кездесуде ол жапониялық Юсаку Накамураға төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен есе жіберген еді.

Бұл жеңіс Арман Әшімов үшін сәтті камбэк болып, жанкүйерлерін қуантты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам