ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Қазақ файтері Жапонияда жеңіске жетті

Осылайша, Нұрхан Жұмағазы кәсіби ММА мансабындағы 11-ші жеңісіне қол жеткізді.

Әлеуметтік желі
Әлеуметтік желі

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Нұрхан Жұмағазы (10-1) Жапонияның Фукуока қаласында өткен Rizin Landmark 13 турнирінде сәтті өнер көрсетті.

Жұмағазы жекпе-жекте жапониялық файтер Тенья Ёсимурамен (5-2) кездесті. Жекпе-жек жеңіл салмақта өтіп, үш раундқа жоспарланған болатын.

Кездесу толық үш раундқа созылып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен қазақстандық спортшының жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Нұрхан Жұмағазы кәсіби ММА мансабындағы 11-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал Тенья Ёсимура үшін бұл үшінші жеңіліс болды. Айта кетейік, бұл Жұмағазының Rizin промоушніндегі екінші жекпе-жегі.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам