Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Еркебұлан Тоқтар тағы бір ресейлік файтермен жекпе-жек өткізеді

Бүгін, 19:08

Еркебұлан Тоқтар Шовхал Чурчаевпен жекпе-жектің қашан өтетінін айтты

Еркебұлан Тоқтар тағы бір ресейлік файтермен жекпе-жек өткізеді
Nomad fighting

Қазақстандық ММА шебері Еркебұлан Тоқтар ресейлік файтер Шовхал Чурчаевпен өтетін жекпе-жекке қатысты жаңалығын бөлісті.

Спортшының айтуынша, тараптар қазір келіссөз жүргізіп жатыр. Егер келісімшартқа қол қойылса, жекпе-жек биыл күзде өтуі мүмкін.

«Қазір Шовхал Чурчаевпен жекпе-жекке қатысты келіссөздер жүріп жатыр. Барлығы сәтті аяқталса, бұл кездесуді күзде көресіздер. Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін барлық мәліметті бөлісемін», – деді Еркебұлан Instagram-дағы сторисінде.

Еске салсақ, Еркебұлан Тоқтар соңғы жекпе-жегін 4 шілде күні Алматыда өткен IBA Nomad 15 турнирінде өткізіп, ресейлік Артем Тарасовты бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

Ал Шовхал Чурчаев соңғы рет октагонға 2025 жылдың 20 маусымында АҚШ-та өткен LFA 211 турнирінде шығып, америкалық Джейкоби Джонсқа төрешілердің бірауызды шешімімен есе жіберді.

Айта кетейік, осы жылдың сәуір айында Чурчаев әлеуметтік желі арқылы Еркебұлан Тоқтарды жекпе-жекке шақырған еді. Қазақстандық файтер бұл ұсынысты қабылдап, кейін қос спортшы Алматыда кездесуге дайын екенін мәлімдеген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам