
Екеуінің арасына діни мәселе іріткі салған секілді
Ресейлік даңқты файтер Хамзат Чимаев UFC 315 турнирінде жартылай орта салмақта Джек Делла Маддаленадан жеңілген палестиналық Белал Мухаммадқа сөздеріне шүйлікті.
Бұған дейін Хамзат пен Белалдың қарым-қатынасы жақсы еді. Екеуі де Палестинада болып жатқан жағдайларға алаңдаушылық білдіріп, бір кездері Палестина туын ұстап бірге суретке де түскен.
Алайда, жақында Белал Мухаммад орта салмаққа ауысқысы келетінін және Хамзатпен жекпе-жекке шығуға дайын екенін айтты. Бұл мәлімдеме Чимаевқа ұнамай қалды.
«Ол мені мұсылман бауырым деп атайтын, сонан соң ұрып-соққысы келетінін жеткізді. Осыдан соң мен неліктен сыпайылық танытуым керек? Маған шынайы адамдар ұнайды, жасандылықты суқаным сүймейді. Егер мені бауырым десең, бауырым болып қал. Мен қай кезде де Палестинаны қолдаймын, бірақ жасанды адамдарды ешқашан қолдамаймын», - деді Хамзат Чимаев.
Айта кетейік, Хамзат Чимаев пен Дрикус Дю Плесси чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке шығуы тиіс еді. Алайда, UFC ұйымы бұл кездесу UFC 317 турнирінде өтпейтінін мәлімдеді.
Ал, Белал Мухаммад болса бұған дейін жартылай орта салмақта әлем чемпионы болған. Маддаленадан жеңілгеннен кейін бұл атағынан айрылды.