Махачев титулдан бас тартып, жартылай орта салмаққа ауысты

14.05.2025, 10:08

Жеңіл салмақтағы бос тұрған титулға Илия Топурия мен Чарльз Оливейра таласады

Махачев титулдан бас тартып, жартылай орта салмаққа ауысты
Getty sport

Ресейлік Ислам Махачев жеңіл салмақтағы титулдан бас тартып, жартылай орта салмақтағы су жаңа чемпион Джек Делла Маддаленамен кездесу үшін осы дивизионға көтеріледі. Мұны UFC ұйымының басшысы Дана Уайт растап отыр.

Әзірге жекпе-жек уақыты белгісіз. Дегенмен қос тарап та келісім берген. Сондықтан Шавкат Рахмоновқа күте тұруға тура келеді.

Ал жеңіл салмақтағы бос тұрған титулға Илия Топурия мен Чарльз Оливейра таласады. Екеуара айқас 28 маусым күні Лас-Вегаста Халықаралық жауынгерлік апта аясындағы UFC 317 турнирінде өтеді.

Бұдан бөлек аса жеңіл салмақта Алешандре Пантожа Кай Кар-Франспен жекпе-жекте чемпиондық атағын қорғайды.

Ал 16 тамызда Чикагодағы UFC 319 турнирінде орта салмақ өкілдері Дрикус Дю Плесси Хамзат Чимаевпен төбелеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам