Ол ұсынылған ақшаны алмаған
Қазақстандық MMA шебері Қуат Хамитов ертеректе жабық турнирлерге қатыспағанын және ешкімнен ақша алмағанын айтып ақталды.
Бұған дейін қазақстандық өзге спортшы Жұман Жұмабеков Алматыдағы казиноларда жабық жекпе-жектерге қатысқанын, әр төбелескені үшін 10 мың теңге гонорар алғанын мойындаған еді. Сондай-ақ, ол осындай турнирлерге Қуат Хамитовтің де қатысқанын айтып қалған.
«Мұндай ешқашан болған емес. Менің әрбір жекпе-жегім спорттың сыртында болмаған. Бірақ, мойындауым керек, жабық турнирлерге қатысып, әр төбелеске 100-150 мың теңге ұсынған кездер болды. Сол уақыттың өлшемімен ол үлкен ақша еді. Бірақ, біз келіскен емеспіз, өйткені Қазақстанның туын әлемдік аренаға алып шығатын спортшымыз», - деді Қуат Хамитов Tengri Sport порталына берген сұхбатында.