ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Ресми: Бекзат Алмахан UFC-де Топуриямен жекпе-жекке шығады

22 қараша күні Дохада (Катар) өтетін UFC Fight Night турнирінде кездеседі. 

әлеуметтік желі
әлеуметтік желі

Қазақстандық UFC жауынгері Бекзат Алмахан (12-2) 22 қараша күні Дохада (Катар) өтетін UFC Fight Night турнирінде испаниялық файтер Александр Топуриямен (6-1) кездеседі.

Жекпе-жек UFC-дің жеңіл салмақ дәрежесінде өтеді.

Алмахан өзінің соңғы жекпе-жегін мамыр айында Монреалда (Канада) өткен UFC 315 турнирінде өткізіп, бірінші раундта канадалық Брэд Катонуды (14-5) нокаутқа түсірген болатын.

Александр Топурия соңғы рет 2025 жылдың 22 ақпанында Австралияның Сидней қаласында өткен UFC 312 турнирінде жергілікті файтер Колби Тикнестің үстінен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Александр Топурия — жеңіл салмақ дәрежесіндегі UFC чемпионы әрі P4P рейтингінде бірінші орында тұрған Илия Топурияның туған бауыры.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам