ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Шавкат Рахмонов UFC-дегі мансабын аяқтай ма?

03.10.2025, 14:57

Шавкат Рахмонов соңғы рет UFC октагонына 2024 жылдың желтоқсанында шыққан 

Шавкат Рахмонов UFC-дегі мансабын аяқтай ма?
әлеуметтік желі

Ресейлік Telegram-арналарда қазақстандық жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың UFC ұйымынан кететіні туралы хабар тарады. Бұл туралы Kazinform тілшісі жазды.

Атап айтқанда, ресейлік блогер Владимир Колос жүргізетін «Колос» арнасында:

«Шавкат Рахмонов UFC-пен қоштасады», – деген жазба жарияланды.

Автордың өзі қазір Лас-Вегаста жүр және 4 қазанда өтетін UFC 320 турнирін ақпараттандыруды жоспарлап отырғанын айтқанымен, қосымша мәлімет бермеді.

Осы ақпаратқа байланысты Dar Team өкілі Эдуард Базров та жауап берді.

«Шынымды айтсам, бұл туралы ештеңе білмеймін. Бізге мұндай ақпарат түскен жоқ», – деді Базров Kazinform тілшісіне.

Сонымен қатар Рахмоновтың командасы әлеуметтік желідегі парақшасында спортшының жаттығу үстіндегі бейнежазбаларын жариялап, оның дайындықты жалғастырып жатқанын көрсетті.

Еске салсақ, Шавкат Рахмонов соңғы рет UFC октагонына 2024 жылдың желтоқсанында шыққан болатын. Ол кезде қазақстандық спортшы жарақатына қарамастан ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілер шешімімен жеңген еді.

Алайда биыл мамыр айында Рахмоновқа ота жасалды. Дәрігерлердің болжамынша, 2025 жылы Шавкат UFC-де жекпе-жекке шықпайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам