ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Шавкат Рахмонов UFC-дегі болашағына қатысты соңғы сөзін айтты

Қазақстандық файтер соңғы жекпе-жегін 2024 жылы желтоқсанда өткізген

Әлеуметтік желі
Әлеуметтік желі

Жеңіліс дәмін татпаған қазақстандық ММА жұлдызы Шавкат Рахмонов спорттағы мансабына қатысты тараған ақпараттарға нүкте қойды.

«Күн сайын тынымсыз еңбектеніп жүрмін. Октагонға қайта оралу уақыты алыс емес. Тағы да айқас алаңына шығуға асығып жүрмін», — деп жазды Рахмонов X әлеуметтік желісінде.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде спортшының жарақаты асқынып, ол UFC ұйымынан кетуі мүмкін деген мәлімет тараған еді. Алайда файтердің бапкері Эдуард Базров бұл деректі жоққа шығарып, Рахмоновтың толық жаттығу режимін жалғастырып жатқанын жеткізді.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген болатын.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам