Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақстандық балуан Абдулрашид Садулаевпен бір лигада өнер көрсетеді

21.01.2026, 11:04

Real American Freestyle (RAF) - еркін күрестен 2025 жылы басталған кәсіби жоба

Қазақстандық балуан Абдулрашид Садулаевпен бір лигада өнер көрсетеді
UWW

Еркін күрестен Хорватияда өткен әлем чемпионатында 61 келіде қола жүлде иеленген Асылжан Есенгелді америкалық RAF лигасынан шақырту алды.

Бұл туралы балуан Sportbugin.kz сайтының тілшісіне мәлімдеген. Ұзақ уақыттан бері АҚШ-та жаттығып жүрген балуан алда Real American Freestyle лигасында күресетін болады.

«Қазір АҚШ-та жаттығып жүрмін. Жақында Real American Freestyle (RAF) лигасын ұйымдастырушылар хабарласып, менен қажетті ақпараттарды алды. Алдағы екі-үш ай ішінде осы лига аясында жекпе-жек өткіземін», - деді Асылжан Есенгелді.

Real American Freestyle (RAF) еркін күрестен 2025 жылы басталған кәсіби жоба саналады. Бұл лигада еркін күрес балуандарынан бөлек, ММА өкілдері де сынға түседі.

Айта кететін жайт, жақында еркін күрестен Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы, ресейлік Абдулрашид Садулаев аталған лигамен келісімшарт жасасқан болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам