Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Елде заңды букмекерлердің клиенттері қаражат енгізу және шығаруда кедергілерге тап болды – Olimpbet түсініктемесі

06.03.2026, 12:10

4 наурыз күні ешқандай алдын ала ескертусіз Қазақстан банктері букмекерлік кеңселердегі клиенттердің жеке әмияндарына қаражат енгізу және шығару операцияларын тоқтатқан

Елде заңды букмекерлердің клиенттері қаражат енгізу және шығаруда кедергілерге тап болды – Olimpbet түсініктемесі
Olimpbet Arena

Қазақстандағы спорттық болжамдар нарығының көшбасшысы – Olimpbet компаниясының маркетинг директоры Геннадий Шемраев заңды беттинг саласындағы төлем шектеулеріне байланысты қалыптасқан жағдайға қатысты компанияның ұстанымын түсіндірді. Оның толық мәтіні мынадай:

Olimpbet «Nomapay» ЖШС-мен келісімшарт жасасып, қазіргі уақытта құмар ойын бизнесі саласындағы Бірыңғай есепке алу жүйесімен (БЕЖ) интеграция процесін жүргізіп жатыр.

4 наурыз күні ешқандай алдын ала ескертусіз Қазақстан банктері букмекерлік кеңселердегі клиенттердің жеке әмияндарына қаражат енгізу және шығару операцияларын тоқтатты.

Бұл туралы бізге алдын ала хабарланбады, соның салдарынан клиенттерге дер кезінде ақпарат беруге мүмкіндік болмады. Бұл жағдай тек заңды букмекерлік брендтерге ғана емес, жалпы қаржы жүйесіне деген сенімге де әсер етті.

Біз саланың реттеушісі ретінде Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігіне ашық түрде жүгініп, БЕЖ-ге толық интеграция аяқталғанға дейін төлем ұйымдары мен екінші деңгейлі банктер арқылы төлемдерді қайта іске қосуға жәрдемдесуін сұраймыз.

Қосылу үшін берілген уақыт мұндай ауқымды интеграцияны пайдаланушылар үшін сапалы түрде жүзеге асыруға жеткіліксіз.

Olimpbet қалыптасқан жағдайдың ықтимал салдары туралы қоғамды хабардар етуді маңызды деп санайды және ел экономикасы, спорт саласы мен цифрлық инфрақұрылым үшін заңды сектордың тұрақты жұмысы қаншалықты маңызды екенін атап өтеді.

1. Салық түсімдері: бюджетке қосқан үлес

Olimpbet өңірдегі ең ірі салық төлеушілердің бірі болып табылады.

2025 жылдың қорытындысы бойынша компания бюджетке шамамен 40 млрд теңге, ал 2020–2025 жылдар аралығында 230 млрд теңгеден астам қаржы аударды.

Заңды нарықтың тұрақты жұмысы мұндай түсімдердің жүйелі түрде түсуін қамтамасыз етеді. Сондықтан қазіргі шектеулер мүмкіндігінше қысқа мерзімде реттелуі маңызды.

2. Спортты қолдау

Olimpbet қазақстандық спорттың дамуына белсенді түрде инвестиция салады. Себебі біз барлығымыз спортшыларымыздың жеңістерімен бірге мақтанғымыз келеді.

Футбол:

Қазақстан футбол федерациясымен титулдық серіктестік, ұлттық құрамаларды қолдау және төрешілікті халықаралық деңгейге көтерген VAR жүйесін енгізу.

Жекпе-жек спорт түрлері:

Alash Pride, NAIZA және RD Boxing промоушендерін қолдау. Бұл жобалар жас спортшыларға дамуға және кәсіби мансап құруға мүмкіндік береді.

Киберспорт:

MPL by Olimpbet және Female Pro League турнирлері Қазақстанға әлемнің түкпір-түкпірінен командаларды тартады.

Заңды нарықтың тұрақты жұмысы осындай жобалардың тұрақтылығына және спортқа ұзақ мерзімді инвестицияларға тікелей әсер етеді.

Біздің міндетіміз – клиенттер алдындағы уәделерімізді орындау. Яғни спорттық бәс тігу нарығының заңды сегментінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, бюджетке салық түсімдерін жалғастыру, спортты қолдау және Қазақстандағы цифрлық бастамалардың дамуына инвестиция салу.

Біз реттеуші орган біздің үндеуімізді естіп, қолдау көрсетеді деп үміттенеміз.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам