ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Қазақстандық гимнаст Чехияда 1 алтын мен 4 күміс медаль жеңіп алды

Отандасымыз Гран-при кезеңін бес медальмен аяқтады

ҰОК
ҰОК

Қазақстандық гимнаст Ақмарал Ерекешева Чехияның Брно қаласында өткен Гран-при кезеңін бес медальмен аяқтады.

Отандасымыз жекелей көпсайыста екінші орын алған еді. Сондай-ақ жекелей жаттығулар бойынша төрт финалға шықты.

Нәтижесінде Ақмарал шығыршықпен орындалатын жаттығуда 29.150 ұпай жинап, алтын медаль жеңіп алды.

Ал доппен орындалатын жаттығуда 28.000 ұпай, ұршықтар бәсекесінде 29.050 ұпай және таспамен орындалатын жаттығуда 27.600 ұпай еншілеп, үш күміс медальға ие болды.

Осылайша, Ақмарал Ерекешева бір алтын және төрт күміс медальмен жарысты аяқтады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам