Дүбірлі додада ел намысын 15 дзюдошы қорғайды
Қазақстан дзюдо федерациясы Бакуде (Әзербайжан) өтетін ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын балуандардың тізімін жариялады.
Дүбірлі додада ел намысын 15 дзюдошы қорғайды.
Ерлер:
60 келіге дейін: Аман Бақытжан, Шерзод Давлатов
66 келіге дейін: Нұрқанат Серікбаев, Асылжан Жұбатқанов
73 келіге дейін: Есет Қуанов, Аңсарбек Ғайнуллин
81 келіге дейін: Жалғас Қайролла, Абылайхан Жұбаназар
90 келіге дейін: Данил Крылов
Әйелдер:
48 келіге дейін: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева
63 келіге дейін: Эсмигүл Куюлова
78 келіге дейін: Аруна Жангельдина
78 келіден жоғары: Ақерке Рамазанова, Камила Берліқаш
Отандастарымыз жекелей және аралас командалық сайыста сынға түседі.
Айта кетейік, әлем біріншілігі 4-11 қазан аралығында өтеді.