Жалғас Жұмағұлов мансабын қашан аяқтайтынын айтты

28.03.2025, 11:13

Жұмағұлов соңғы жекпе-жегін былтыр қарашада өткізген 

Жалғас Жұмағұлов мансабын қашан аяқтайтынын айтты
instagram.com/zhumagulov_zhalgas

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов Cuba Boxing Club Youtube-арнасына берген сұхбатында ММА-дегі мансабын қашан аяқтайтынына қатысты сауалға жауап берді.

«Егер UFC-мен келісімшартты қайта жасай алмасам, карьерамды аяқтайтын шығармын. Өзімнің соңғы жекпе-жегімді Ақтөбеде өткізгім келеді. Бірақ еш өкінішім жоқ. Маған берілген мүмкіндікке ризамын», - деді Жұмағұлов.

Соңғы рет Жалғас Жұмағұлов ММА-де былтырғы қарашада жекпе-жек өткізіп, төрешілердің ортақ шешімімен уэльстік Аарон Эбиді (16-10-1) жеңді. Ал UFC-де 2020 жылғы шілде мен 2023 жылғы маусым аралығында өнер көрсетті.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам