
Отандасымыз жүзуден 100 метр баттерфляй әдісі бойынша екінші орын иеленді
Жүзуден Францияның Канет қаласында өтіп жатқан Mare Nostrum Swim Tour 2025 халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде түсті.
100 метр баттерфляй әдісі бойынша нәтиже:
Максим Груссе (Франция, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері) – 51.40 секунд
Әділбек Мусин (Қазақстан) – 51.82 секунд
Роман Шевляков (бейтарап атлет, эстафетадан әлем чемпионы) – 51.93 секунд
Клемент Секки (Франция, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері) – 52.47 секунд
Бұл жарыста әлемнің 53 елінен 609 спортшы жүлдеге таласуда.