
Үздіктер әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құрама қатарына қосылады
Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан Қазақстан кубогында еркін күрес бойынша белдесулер аяқталды. Жарыстың үшінші күнінде бес салмақ дәрежесінде еркін күрес балуандары үздіктерді анықтады.
61 кг
1. Әділ Оспанов (Қарағанды облысы)
2. Асыл Айтақын (Алматы қаласы)
3. Асылжан Есенгелді (Түркістан облысы)
3. Әбдінұр Нұрланбек (Жамбыл облысы)
70 кг
1. Маис Алиев (Маңғыстау облысы)
2. Мейіржан Аширов (Жамбыл облысы)
3. Әсет Бауыржанов (Шығыс Қазақстан облысы)
3.Бек Жақсылықов (Ақтөбе облысы)
74 кг
1.Әлібек Әбдіқасымов (Алматы облысы)
2.Елдос Қуанышбай (Жамбыл обл.)
3.Диас Сағдатов (Ақмола облысы)
3.Егор Анучин (Алматы қаласы)
79 кг
1.Дәулет Ергеш (Жамбыл облысы)
2.Нұрлан Бекжанов (Астана қаласы)
3.Жеңіс Қаныбеков (Шығыс Қазақстан облысы)
3. Нұрлан Өтегенов (Ақтөбе обл.)
92 кг
1.Азамат Дәулетбеков (Шығыс Қазақстан облысы)
2.Самир Дурсунов (Алматы қаласы)
3.Омар Жұмаш (Алматы облысы)
3.Елнар Шілдебай (Түркістан облысы)
Алдағы күндері грек-рим және әйелдер күресінен балуандар белдесуге шығады. Ел кубогы 29 мамырға дейін жалғасып, турнирде топ жарған спортшылар қыркүйек айында әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құрама қатарына қосылады.
Айта кететін жайт, еркін күрестен әлем чемпиондары Нұрқожа Қайпанов пен Ризабек Айтмұқан аталған жарыста күрескен жоқ.