Қазақстан джиу-джитсудан Азияда 74 медаль жеңіп алды

27.05.2025, 16:41

Қазақстан джиу-джитсудан Азия чемпионатында жалпыкомандалық есепте топ жарды

Қазақстан джиу-джитсудан Азияда 74 медаль жеңіп алды
Спортты дамыту дирекциясы

Иордания астанасы Амманда өткен джиу-джитсудан жастар мен ересектер арасындағы 9-шы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді.

Сары құрлықтың басты бәсекесінде отандастарымыз 74 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға жайғасты.

Байрақты бәсекеге 27 елден 778 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Қазақстандық спортшылар 21 алтын, 27 күміс және 26 қола медаль еншіледі.

Екінші орынды Таиланд иеленсе, үздік үштікті Вьетнам құрамасы түйіндеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам