Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Ута Абэні жылатқан Диора Келдиерова: Екі дүркін Олимпиада чемпионы болғым келеді

28.07.2025, 18:27

Мен сол дәмді тағы бір мәрте сезгім келеді

Ута Абэні жылатқан Диора Келдиерова: Екі дүркін Олимпиада чемпионы болғым келеді
Фото: Reuters

2024 жылы Париж Олимпиадасында дзюдодан 52 келіде чемпион атанған Диора Келдиерова 2 дүркін Олимпиада чемпионы болуды көздеп отыр.

«Тура бір жыл бұрын – балалық шағымнан армандап келген мақсатым орындалды. Сол сәт әлі күнге дейін көз алдымда: мен бәріне дайын, бәріне разы болдым. Мен үшін жалғыз ғана жол бар еді . ол татамиде күресу. Армандарым үшін, өмірім үшін – күресу. Олимпиадаға дейін жиі ойлайтынмын: «Неге адамдар Олимпиада медалін жеңіп алғаннан кейін де алға ұмтыла береді? Оларда бұл медаль бар емес пе?». Бірақ Париж Олимпиадасының тұғырына шыққан сәтімде бұл сезімді тағы да бастан кешіргім келетінін түсіндім. Бұл – сезімбі сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сіз Олимпиада тұғырына қайта-қайта шығуды қалайсыз, өйткені онда сіздің еңбегіңіздің дәмі бар! Мен сол дәмді тағы бір мәрте сезгім келеді. Сол үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайынмын, өйткені бапкерім Марко айтқандай: «Бәрі де мүмкін!», -  деп жазды Диора Келдиорова өзінің Instagram парақшасында.

Естеріңізге салсақ, Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында  52 келінің басты фавориті саналған жапониялық Ута Абэ жүлдесіз қалған еді. Оны өзбек қызы Диора Келдиорава алғашқы айналымда жарыс жолынан шығарды. Осылайша Ута Абэ екінші рет Олимпиада чемпионы атанамын деген мақсатына жете алмады. Жарыстан соң Ута Абэнің көз жасына ырық берді. Бұл –  Париж Олимпиадасының айтулы сенсациясы болып, тарихқа енді. Сондай-ақ Диора Келдиерова өзбек қыздары арасынан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам