Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

«Барыстың» жаңа бас бапкері Ресейден келеді

29.07.2025, 17:16

61 жастағы Кравец Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» клубын жаттықтырған

«Барыстың» жаңа бас бапкері Ресейден келеді
ХК «Авангард» / hc_avangardomsk / Vk.com

Ресейлік маман Михаил Кравец «Барыс» хоккей клубының бас бапкері атанады. Бұл туралы Shaiba.kz сайты мәлімдеді.

Маман келісімшартқа қол қою үшін Астанаға келеді.

Өткен маусымда 61 жастағы Кравец Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» клубын жаттықтырған болатын.

Бейжің командасы ҚХЛ-ның Батыс конференциясындағы 68 ойында 62 ұпай жинап, турнирлік кестеде тоғызыншы орынды иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін бірнеше БАҚ Кравецтің «Барысқа» келуі мүмкін екенін хабарлаған еді. Алайда клубтың баспасөз қызметі бұл ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Ал елордалық ұжымның бұрынғы бас бапкері Ғалым Мәмбеталиев қызметінен босатылды. Ал оның орнына Мәмбеталиевтің көмекшісі қызметін атқарған ресейлік маман Евгений Королевтің бас бапкердің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.

Еске салайық, Ғалым Мәмбеталиев 2023 жылдың қараша айында бас бапкер қызметіне қайта оралған болатын. Сол кезде «Барыс» легионерлерден бас тартып, құрамды түбегейлі өзгерткен еді.

Алайда Мәмбеталиевтің жетекшілігімен «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты маусымында соңғы орынға түсіп, жеңілісі саны жағынан антирекорд орнатты.

Жаңа маусым «Барыс» үшін 7 қыркүйекте басталады. Бұл күні астаналық клуб өз айдынында Гагарин кубогының финалисі – Челябі қаласының «Трактор» командасын қабылдайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам