Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Юлия Путинцева Australian Open-2026 турнирінде тарихи жеңіске жетті

Бүгін, 10:20

Ширек финал жолдамасы үшін Путинцева АҚШ өкілі Ива Йович (27) пен Италияның сегізінші ракеткасы Жасмин Паолини арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі

Юлия Путинцева Australian Open-2026 турнирінде тарихи жеңіске жетті
Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Australian Open-2026 турнирінде нағыз триллер ұйымдастырып, мансабындағы тарихи жетістікке қол жеткізді.

Әлемдік рейтингте 94-орында тұрған Қазақстанның екінші ракеткасы үшінші айналымда Түркия өкілі Зейнеп Сенмез (WTA –112) қарсы ойнады. Кездесу аса тартысты өтті.

Алғашқы сетте Путинцева сенімді ойнап, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Алайда екінші партияда қарсыласына тай-брейкте (6:7, 3:7) жол берді. Шешуші үшінші сетте қазақстандық теннисші 3:0 есебімен алға шыққанымен, Сенмез есепті теңестіре алды. Соған қарамастан, Юлия ойын тағдырын өз қолына алып, матчты 6:3 есебімен аяқтады.

Осылайша, матч 2 сағат 36 минутқа созылып, Australian Open турнирінің 1/8 финалына жолдама Юлия Путинцеваға бұйырды. Бұл – оның Australian Open жарысындағы мансабындағы ең үздік нәтижесі. Бұған дейін ол үшінші айналымнан әрі аса алмаған.

Енді ширек финал жолдамасы үшін Путинцева АҚШ өкілі Ива Йович (27) пен Италияның сегізінші ракеткасы Жасмин Паолини арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, Australian Open-2026 турнирі 31 қаңтарға дейін жалғасады. Әйелдер арасындағы жекелей сында жеңіске жеткен спортшы 2 793 365 АҚШ доллары көлемінде жүлде мен 2000 рейтингтік ұпайға ие болады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам