Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Жасырын фаворит». Александр Бублик төртінші айналымға шықты

Бүгін, 18:23

Матч 2 сағат 35 минутқа созылды

«Жасырын фаворит». Александр Бублик төртінші айналымға шықты
Александр Бублик. ©ktf.kz

Әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа кіретін қазақстандық теннисші Александр Бублик мансабында алғаш рет Australian Open турнирінің төртінші айналымына шықты.

1/16 финалдық кездесуде Бублик аргентиналық Томас Мартин Этчеверриді (ATP рейтингінде 62-орын) 7:6 (7:4), 7:6 (7:5), 6:4 есебімен жеңді.

Матч 2 сағат 35 минутқа созылды. Қазақстандық спортшы 21 эйс жасап, екі рет қос қателікке жол берді. Ал Этчеверридің еншісінде 10 эйс пен бір қос қателік тіркелді.

Осылайша, Александр Бублик Australian Open-2026 турнирінің 1/8 финалына жолдама алды. Бұл кезеңде ол австралиялық теннисші Алекс де Минаурмен (әлемдік рейтингте 6-орын) кездеседі. Де Минаур бұған дейін америкалық Фрэнсис Тиафоді (№34) 6:3, 6:4, 7:5 есебімен ұтқан болатын.

Айта кетейік, Александр Бублик Мельбурн корттарында жеке рекордын жаңартты. Бұған дейін ол турнирдің үшінші айналымына алғаш рет шығып, америкалық Дженсон Бруксбиді (№48) және венгриялық Мартон Фучовичті (№54) жеңген еді. Бұл екі матчқа Бублик жалпы 4 сағат 21 минут жұмсады.

Қазіргі таңда қазақстандық теннисші Australian Open-2026 турнирінің «жасырын фавориттерінің» бірі ретінде аталып жүр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам