44 жастағы Серена мен 19 жастағы Мбоко кортта бір жарым сағатқа жуық уақыт өткізді
Әйгілі америкалық теннисші, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Серена Уильямс кәсіби мансабын қайта жалғастырғаннан кейінгі алғашқы матчында жеңіске жетті.
23 дүркін «Үлкен дулыға» турнирлерінің чемпионы Лондонда өтіп жатқан WTA 500 санатындағы жарыста канадалық Виктория Мбокомен жұп құрап, сәтті өнер көрсетті.
Алғашқы айналымда Уильямс пен Мбоко үшінші нөмірмен тіркелген америкалық Николь Меличар-Мартинес пен Жаңа Зеландия өкілі Эрин Рутлиффті екі сетте жеңді. Кездесу 7:6 (7:2), 6:2 есебімен аяқталды.
44 жастағы Серена мен 19 жастағы Мбоко кортта бір жарым сағатқа жуық уақыт өткізді. Матчтың алғашқы сеті тартысты өткеніне қарамастан, екінші партияда америкалық-канадалық дуэт қарсыластарына мүмкіндік қалдырмады.
Айта кетейік, WTA ұйымы 1 маусым күні Серена Уильямстың кәсіби спортқа қайта оралатынын ресми түрде хабарлаған болатын.