ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Бублик Уимблдонның ширек финалына шыға алмады

07.07.2026, 02:04

Осылайша, «Үлкен дулыға» санатындағы Уимблдон турнирі қазақстандық теннисшілер үшін аяқталды

Бублик Уимблдонның ширек финалына шыға алмады
Getty Images

Қазақстандық теннисші Александр Бублик (№11) Уимблдон турнирін 1/8 финалда аяқтады. Америкалық Тейлор Фрицпен (№11) кортқа шыққан отандасымыз үш сетте де жеңіліп қалды.

Матч 2 сағат 51 минутқа созылды. Алғашқы сетте Бублик қарсыласына айтарлықтай қиындық тудырғанымен, қалған екі сетте айтарлықтай қауқар көрсете алған жоқ, есеп – 7:6 (7:1), 6:4, 6:4. Осы уақытта Бублик небәрі бір рет эйс жасап, бес рет қос қателікке жол берген.

Осылайша, «Үлкен дулыға» санатындағы Уимблдон турнирі қазақстандық теннисшілер үшін аяқталды. Бұған дейін Елена Рыбакина да, Анна Данилина да (жұптық сын) жеңіліп қалған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам